04 маусым 2023 16:13

Түркия президенті қайта сайланғаннан кейін министрлерді ауыстырып тастады

© instagram/rterdogan

Сайлау нәтижеі бойынша қайтадан президент болған Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетін ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолыға" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайлау нәтижеі бойынша қайтадан президент болған Режеп Тайып Ердоған министрлер кабинетін ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолыға" сілтеме жасап.

Ердоған жаңа министрлер кабинетінде барлық негізгі министрді ауыстырды. Сонымен, Түркияның жаңа вице-президенті болып Джевдет Йылмаз тағайындалды, түрік СІМ басшысы Хакан Фидан болды, ол бұрын Ұлттық барлау ұйымының (MIT) басшысы, ішкі істер министрі - Ыстамбұл провинциясының бұрынғы губернаторы Али Ерликай. Қорғаныс министрі болып бұрын ел ҚК Бас штабының бастығы қызметін атқарған Яшар Гюлер тағайындалды.

Қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек, Әділет министрлігінің басшысы - Йылмаз Тунч болды. Қоршаған ортаны қорғау министрі лауазымына Мехмет Өзхасеки тағайындалды, Алпарслан Байрактар Энергетика министрлігінің басшысы болып тағайындалды.

Реклама
Реклама

17 министрдің тек екеуі қызметінде қалды. Ол Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мен Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой.

Еске салайық, 3 маусымда Ердоған ресми түрде Түркия президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімі президенттің Анкарадағы резиденциясында өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram