21 ақпан 2023 09:14

Түркияда адамдарды құтқарған қазақстандық дәрігерлердің есімдері аталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Коллаж: tengrinews.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияда адамдарды құтқарған қазақстандық дәрігерлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияда адамдарды құтқарған қазақстандық дәрігерлер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі аймағында ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері де зардап шеккендерге тәулік бойы көмек көрсеткен. Білікті дәрігерлеріміздің арқасында төтенше жағдайлар кезінде адамдарға барлық қажетті көмек көрсетілді.

Пак Вадим Анатольевич - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының Алматы қаласы бойынша басшысының орынбасары, шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің дәрігері.

Реклама
Реклама

5 жыл бойы Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жоюға, Шымбұлақта қар көшкіні кезінде ықтимал іздестіру және құтқару жұмыстарына дайындық бойынша іс-шараларға қатысқан. Медициналық көмек көрсету мақсатында "Қазспас-2022" құтқару бөлімшелерінің республикалық жиын-семинарына атсалысты. ТЖМ құтқарушыларының құрамында Вадим Анатольевич әріптестерімен бірге құтқарушылардың денсаулық жағдайын бақылап, жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетті.

Алдабекова Алмагүл Амангелдіқызы - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері.

2015 жылдан бастап Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді. Жұмыс барысында өрт және жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысқан.

Тоқбергенова Марал Дихановна - Апаттар медицинасы орталығы филиалының Алматы қаласы бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері.

Апаттар медицинасы орталығында 2012 жылдан бері жұмыс істейді. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жоюға, Шымбұлақта қар көшкіні кезінде ықтимал іздестіру және құтқару жұмыстарына дайындық бойынша іс-шараларға қатысты. 2019 жылы Алматы облысының Гүлдала кентінде ұшақ апатқа ұшыраған кезде медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ, "Қазспас-2018" құтқару бөлімшелерінің 22-ші республикалық жиын-семинарына қатысты.

Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысты.

Ахметжанов Серікбай Барлыбайұлы- ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалының Астана қаласы бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері.

2013 жылдан бастап ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істейді. Астана қаласының аумағында да, одан тыс жерлерде де төтенше жағдайларды жоюға бірнеше рет қатысты. 2013 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны кезінде тұрғындарға, 2019 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданының тұрғындарына су тасқыны кезінде медициналық көмек көрсетті. 2017 жылы жиынтық медициналық жасақ құрамында Ақмола облысының Атбасар қаласын су басу кезінде зардап шеккендерге, оның ішінде 70 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. АӨСШК саммиті, Азия ойындары, ЭКСПО халықаралық көрмесі сияқты елордада өткен саяси және мәдени деңгейдегі көптеген бұқаралық іс-шараларды бірнеше рет медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырды. "Қазспас", "Жер", "Көктем" және басқа да командалық-штабтық және тактикалық-арнайы жаттығуларға қатысты.

Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысты.

Жұмабеков Айдын Қайыржанұлы - ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының фельдшері.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Өрт және жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге бірнеше рет қатысты. Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жою кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге қатысқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram