16 ақпан 2023 | 09:37

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушы қызды болды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото: pixabay

Түркияда жұмыс істеп жатқан астаналық құтқарушы Олжас Рахметов қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда жұмыс істеп жатқан астаналық құтқарушы Олжас Рахметов қызды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Түркияда жер сілкінісі салдарын жоюға қатысып жатқан елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Рахметов Олжастың төртінші баласы дүниеге келді. Сәбиге әдемі есім - Аделя деп ат қойды", - делінген ТЖД хабарламасында.

Олжас 1994 жылы Астана қаласында дүниеге келген.

Реклама
Реклама

"Елордалық ТЖ департаментінде 2022 жылдан бастап өзінің біліми әрекеттерімен кәсіби маман ретінде көрсете білді. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін бірнеше ведомстволық марапатқа ие болған. Біздің құтқарушымызды сәбиінің өмірге келуімен шын жүректен құттықтай отырып, анасы мен қызына зор денсаулық, ал Олжасқа елімізге, отбасына аман есен оралуын тілейміз!" - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная