12 ақпан 2023 09:05

Түркияда қаза тапқан екі қазақстандық Алматыға жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың денесі Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқан қазақстандық Мирболат Құрмашев пен Әділ Қадырбековтың денесі Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаза болған отандастарымыздың мәйіті Антакья қаласынан Анталияға жеткізіліп, 11 ақпанда кешке Алматыға жеткізілді. Барлық көлік шығындарын мемлекет өз мойнына алды", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Реклама
Реклама

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram