10 ақпан 2023 | 09:03

Түркияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото РИА Новости

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандық - Мирболат Құрмашевтың денесі табылып шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ мәліметінше, үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасаған. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді.

Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар толығымен қираған алты қабатты ғимараттың қирандыларын тазалау кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram