06 наурыз 2023 17:22

Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова елге оралды

Дина Шарипханова Корреспондент
Сабина Мамадьярова

Түркияда үйінді астынан құтқарылған қазақстандық Сабина Мамадьярова елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, қыз пікір беруден бас тартып, мазаламауды сұрайды.

"Ауруханада жатқанда консулымыз онымен үнемі байланыста болды. Туыстары қасында болды. Ол Қазақстанға оралды. Бірақ мазаламауды өтінді. Ешқандай пікір беруді қаламайды", - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Аданадағы мемлекеттік ауруханада Сабина Мамадьярованың жарақат алған қолына ота жасалғаны хабарланған болатын.

8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандықтың із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram