ПОДЕЛИТЬСЯ
26 сәуір 2023 | 11:28
Түркиядағы жер сілкінісі: Ердоған қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында жер сілкінісі салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомство өкілдері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында жер сілкінісі салдарын жою кезінде құтқару бөлімшелерін басқарған төтенше ведомство өкілдері марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәлеметінше, 80-нен аса елдің өкілдері арасында Қазақстаннан ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатысқан, ол жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медалімен наградталды. Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоган табыс етті.
"Марапат үшін алғысымды білдіремін! Бауырлас Түрік халқына тағы да көңіл айтамын. Өмірді құтқаруға қатысқан барша халыққа, құтқарушылар мен дипломатиялық корпусқа алғыс! Біз Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз!", - деді Ибрагим Күлшімбаев.
Еске салайық, Түркияның үш өңірінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу басталғаннан бері Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күштері 7 адамды құтқарды. Қаза тапқан 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесі шығарылды. Қазақстандық құтқарушылар қолмен, сондай-ақ инженерлік техниканы, авариялық-құтқару жабдықтарын, шанц аспаптарын тарта отырып, 250 мыңнан текше метрден астам үйінділерді бөлшектеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также