08 ақпан 2023 | 09:25

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қазақстандық жоғалып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті жоғалып кетті. Бұл туралы оның әріптесі мен ағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті жоғалып кетті. Бұл туралы оның әріптесі мен ағасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, Түркияда жер сілкінісі кезінде біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев жоғалып кетті. Оның ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Жер сілкінісінен кейін онымен байланыс үзілді. Онымен туыстары мен достары әлі күнге дейін байланыса алмай отыр. Мирустың ағасы мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздеуге ұшады. Ақпарат алу үшін немесе Түркиядағы іздеу жұмысына қосылу үшін Мирустың ағасы – Алматпен телефон арқылы байланысуларыңызды сұраймыз.+7 702 430 20 21", - делінген Мағжан Мәдиевтің жазбасында.

Реклама
Реклама

Ал Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпараттан хабары бар екенін айтты.

"Туыстары хабарлассын. Басқа қазір ештеңе айта алмаймын. Іздеп жатырмыз. Барлық чаттарда жүр, көп журналист хабарласып жатыр. Журналистер ол туралы көп жазған сайын түрік құтқарушылары оны тезірек іздемейді ғой. Барлық қираған ғимараттарды біртіндеп іздеп келе жатыр", - деді Айбек Смадияров Massaget.kz тілшісіне.

Ол сонымен бірге Түркияда қандай да бір жағдайға тап болған азаматтарды жедел желіге хабарласуын өтінді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная