Түркиядағы мейрамханадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ

Twitter.com/Politeknik

Түркияның Айдын қаласындағы мейрамханада болған жарылыстан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркияның Айдын қаласындағы мейрамханада болған жарылыстан Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

30 желтоқсанда Түркияның Айдын қаласының Назилли ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланды.

БАҚ мәліметінше, жарылыс мейрамхананың асханасында жергілікті уақыт бойынша сағат 15:15 шамасында тұрмыстық газ баллонын ауыстыру кезінде болған.

Реклама
Реклама

"Түркиядағы мейрамханадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігі Tengrinews.kz тілшісіне.

Елдің әділет министрі Бекир Боздагтың айтуынша, төтенше жағдайдан кейін Назилли аймағының прокуратурасы сот тергеуін бастаған. TRT Haber телеарнасының мәліметінше, бұл дерек бойынша бес адам ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная