ПОДЕЛИТЬСЯ
09 ақпан 2023 | 10:05
Түркиядан қазақстандықтардың екінші тобы оралды
Түркиядан тағы Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркиядан тағы Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құрал-жабдықтары тиелген ұшақпен 8 ақпанда Газиантеп қаласына келіп жетті.
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам - Қазақстанның 42 азаматы және Қырғызстанның 22 азаматы Астанаға қайтарылды. Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Түркиядан 16 қазақстандық пен екі Қырғызстан азаматы эвакуацияланған болатын. Олар 8 ақпанға қараған түні ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бортымен келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также