ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қаңтар 2021 | 16:06
Түркиядан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды
Түркиядан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркиядан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
2021 жылғы 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 769 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 522 адам, анықтамасыз 247 адам келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына - 8 рейс, 1 084 жолаушы, анықтамамен - 879, анықтамасыз - 205; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 455; анықтамасыз - 28; Қостанай қаласының әуежайына - 1 рейс, 202 жолаушы, анықтамамен - 188; анықтамасыз - 14.Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижелерін күтіп жатыр.
2021 жылдың 8 қаңтарында анықтамасыз келген 229 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул - Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.
Сонымен қатар, БАӘ ұшып келген Түркия азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также