ПОДЕЛИТЬСЯ
19 тамыз 2021 | 12:20
Түркияға орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандықтар жұмысын аяқтады
Түркия Республикасындағы орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркия Республикасындағы орман өртін сөндіруге аттанған қазақстандық құтқарушылар өз миссиясын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Түркия Республикасындағы табиғи өртті сөндіруге аттанған Қазақстан ТЖМ құтқарушылары өз миссиясын сәтті аяқтады. Ресей, Әзірбайжан, Грузия, Украина, Польша, Австрия, АҚШ, Беларусь, Иран, Испания және Швейцария сияқты мемлекеттер экипажымен бірге Даламан қаласының маңындағы өрт толық жойылды", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
"Қазақстан ТЖМ арнайы тобының жеке құрамы міндеттерді толық орындады және бүгінде қазақстандық экипаж қашыққа ұшуға дайындалып жатыр. 20 тамызда Түркия уақыты бойынша таңғы сағат 6:00-де Даламан қаласының әкімдігі және Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің өкілдері қазақстандық құтқарушыларды шығарып салады", - делінген хабарламада.
Олар үш мемлекеттің шекарасын басып өтіп, Каспий теңізі мен Қара теңізі үстімен Кавказ таулары арқылы 4500 шақырым жер жүріп, Түркия Республикасына жеткені хабарланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также