Түрікменстан президентінің денсаулығы туралы қауесет жоққа шығарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Түрікменстан президентінің денсаулығы туралы қауесет жоққа шығарылды Фото ©РИА Новости

Мәскеудегі Түрікменстан елшілігі ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың денсаулығы нашарлағанына қатысты ақпарат сенімсіз және шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін кейбір БАҚ Түрікменстан президенті Бердімұхамедов комада жатқанын хабарлаған.

"Бірқатар БАҚ-тың Түрікменстан президентінің денсаулығы нашарлады деген ақпараты... мүлде сенімсіз және шындыққа жанаспайды", - делінген Түрікменстан дипломатиялық миссиясының хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Дипломатиялық миссия кеше Бердімұхамедов Министрлер кабинетінің цифрлық жүйе бойынша кеңейтілген отырысын өткізгенін, онда "мемлекеттік өмірдің өзекті мәселелері талқыланып, бірқатар құжат жобасы қаралғанын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама