12 ақпан 2022 | 13:50

Түрікменстанда 12 наурызда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Түркіменстанның Ашхабадтағы туы. Фото: РИА Новости

12 наурызда Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

12 наурызда Түрікменстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы түрікмен ОСК төрағасының көмекшісі Безирген Караев хабарлады.

Кеше Парламенттің жоғарғы палатасының кезектен тыс отырысында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мемлекетті басқаруға жас басшыларға жол беру керек екенін айтты. Түрікмен БАҚ-тарының мәліметінше, "осыған байланысты сайлау мен референдумдарды өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасына Түркіменстанның конституциясы мен заңнамасына сәйкес тиісті жұмысты бастау тапсырылды".

Реклама
Реклама

"Түрікменстан президентінің тапсырмаларына сәйкес, елдің Орталық сайлау комиссиясы 12 наурызда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға дайындықты бастады", - деді түрікмен Орталық сайлау комиссиясы басшысының көмекшісі РИА Новости тілшісіне телефон арқылы.

Түрікменстан президенті болып осы елде дүниеге келген, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді меңгерген, соңғы он бес жыл ішінде Түрікменстанда тұрақты тұратын және жұмыс істейтін Түркіменстан азаматы сайлана алады. Түркіменстан Президентін тікелей Түркіменстан халқы жеті жыл мерзімге сайлайды және ол ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Соңғы рет Түркіменстан президентінің сайлауы 2017 жылы өтті. Заң бойынша келесі сайлау 2024 жылы өтуі керек еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная