20 мамыр 2019 | 11:32

Түркістан мен Шымкентте қандай ғимараттар бой көтереді - Видео

видеодан үзінді

Биыл 18 мамырда ҚР Үкіметінің басшысы жұмыс сапары аясында Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, Түркістан қаласының құрылысы барысын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
 
Шымкентте Асқар Мамин "Тұран" шағын ауданында жол инфрақұрылымын салу мысалында шеткері аймақтардың дамуын тексерді. Ұзындығы 3,3 шақырым болатын магистральдық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Бозарық 220/110/10 кВ" шағын станциясының құрылысы орнында ҚР премьер-министрі жобаның уақытылы аяқталу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Нысан биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Соның нәтижесінде, шамамен 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Реклама
Реклама

"Тассай" индустриялық аймағының аумағында премьер-министр Асқар Мамин "Asia Trafo" ЖШС жаңа зауытының трансформатор шығару бойынша технологиялық процесімен және электротехникалық зертханасының жұмысымен танысты.

ҚР Үкіметінің басшысы Түркістан облысының орталығына келген бойда Turkistan International Airport халықаралық әуежайының құрылысының орнына капсула салу рәсіміне қатысты.

Жұмыс сапарының маңызды шарасы ретінде өңірде Қазақстан - Қытай индустриялық паркін, күн және жел электр станциясын, жылыжай кешендерін салу бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде 750,2 миллиард доллар сомасына 5 құжатқа қол қойылды.

Жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандарды, әкімшілік маңыздағы ғимараттарды салу, тарихи-мәдени орталықты реконструкциялау және абаттандыру барысы қаралды. 

Жаңадан салынып жатқан ғимараттарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында "Яссы" шағын станциясы салынатын болады. Асқар Мамин 2020 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беру көзделіп отырған нысан құрылысының жобасын қарады.

Қаланың жолдарының сапасын жақсарту мен көшелерін көріктендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная