01 маусым 2021 10:33

Түркістан облысын дамытуға 3,6 триллион теңге бөлінеді

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев Түркістан облысын дамытуға бөлінетін 3,6 триллион теңге қалай жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы Әсет Ерғалиев Түркістан облысын дамытуға бөлінетін 3,6 триллион теңге қалай жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр Үкімет отырысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды.

"Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, көлік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы, туризмді дамытуды, сондай-ақ қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді көздейтін 142 іс-шарадан тұрады", - деді Әсет Ерғалиев.

Реклама
Реклама

Өнеркәсіп саласында мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техника өндіру зауытын салу, сондай-ақ "ТURKISTAN" АЭА аумағын 973 гектарға ұлғайту және басқалары көзделген 26 іс-шара жоспарланған.

Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 3,6 триллион теңге, оның ішінде жеке инвестициялар - 2,7 триллион теңге, 530,6 миллиард теңге республикалық бюджеттен, 348,5 миллиард теңге жергілікті бюджеттен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram