ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2020 | 17:55
Түркістан облысында 23 жастағы қыз коронавирустан қайтыс болды
Түркістан облысында 1997 жылы туған қыз коронавирустан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында 1997 жылы туған қыз коронавирустан көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл дерек өткен аптада COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың тізіміне енген. Аурудан көз жұмғандар туралы ақпарат коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтері негізінде жасалды.
COVID-19 вирусынан қайтыс болған егде жастағы науқас 92-де болған. Ол - Қарағанды облысының тұрғыны.
Өткен аптада аурудан көз жұмғандардың арасында 80 жастан жоғары (1940 жылғы және одан жоғары) 18 науқас тіркелді. Оның ішінде 10 ер адам, 8 әйел бар. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістен облысының тұрғындары. Көз жұмған науқастардың көбі елордада тұрған: 3 ер адам, 4 әйел.
70-80 жас аралығындағы (1941-1950 жылы туғандар) 54 науқас қайтыс болған. Оның ішінде 25 ер адам, 29 әйел. Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда қайтыс болған: 17 ер адам, 19 әйел.
60-70 жас аралығындағы (1951-1960 жылы туғандар) 68 науқас аурудан көз жұмды. Оның ішінде 42 ер адам, 26 әйел бар. Қайтыс болған науқастардың көбі Нұр-Сұлтанда тұрған: 23 ер, 12 әйел, Түркістан облысында да 5 ер адамның, 2 әйелдің өлімі тіркелді.
50-60 жас аралығындағы (1961-1970 жылы туғандар) 38 науқас қайтыс болды. Оның ішінде 25 ер адам, 13 әйел бар. Қайтыс болғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтаннан: 11 ер адам, 10 әйел.
Бір аптада 40-50 жас аралығындағы (1971-1980 жылы туғандар) 23 науқас аурудан көз жұмды. Оның ішінде 15 ер адам, 8 әйел бар. Қайтыс болған науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтанда тұрған: 8 ер адам, 4 әйел. Сондай-ақ, Алматы қаласы (4 ер адам), Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында көз жұмған науқастар бар.
30-40 жастағы (1981-1990 жылы туғандар) 5 науқас аурудан қайтыс болды. Оның ішінде бір ер адам және 4 әйел бар. Олар - Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары.
Аурудан көз жұмғандардын арасында жастар да бар. Олар 1991, 1997, 1996 жылдары туған Түркістан облысының тұрғындары, сондай-ақ 1994 жылы туған астаналық қыз да бар.
13-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирустан 210 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также