19 шілде 2023 11:02

Түркістан облысында 5 жастағы қыздың өлімі: сот төрағасы қызметінен босатылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Бес жасар қыздың өлімі оқиғасынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жасар қыздың өлімі оқиғасынан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жоғарғы сот тарапынан биыл мамырда кәмелетке толмаған қызды өлтірген күдіктіге қатысты заңсыз үкім шығару дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз ауыл тұрғынының үйінен өлі табылғаны хабарланған еді. Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі назарына алғанын айтып, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Реклама
Реклама

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған. Кейін ол ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram