05 ақпан 2020 09:18

Түркістан облысында ауыл әкімі өз кабинетінде карта ойнаған

Телеарна сюжетінің кадрынан

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ауыл әкімі қызмет орнында құмар ойын ұйымдастырғаны үшін тәртіптік жазаға тартылып жатыр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Жергілікті тұрғын Шардара ауданына қарасты Қауысбек Тұрысбеков ауылдық аймағының әкімі Әлібек Сейдалиевтің өз кабинетінде карта ойнап отырған сәтін видеоға түсіріп алған. Әкім мен оның жанындағылар қандай ойын және қандай бәспен ойнағаны белгісіз. 

Реклама
Реклама

Нәтижесінде ойынпаз әкім облыстық тәртіптік кеңестен бір шықты. Кінәсін бірден мойындап, енді қайталанбайтынын айтқанымен, кеңес мүшелері оған сенбеген. Енді оны ауыл әкімі қызметіне сай емес деп танып, аудан басшылығына тиісті шара қолдануды тапсырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram