27 тамыз 2022 09:55

Түркістан облысында автобус жол апатына ұшырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысында шетелдік автобус жол жиегіне шығып кетіп, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында шетелдік автобус жол жиегіне шығып кетіп, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

27.08.2022 жылы таңғы 07:18 шамасында Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан, рульге ие бола алмай жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткен.

Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетелдік азаматтар екені белгілі болды. Жол көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Адам шығыны жоқ.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды.

Оқиға орнында Түлкібас АПБ анықтаушылары мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram