ПОДЕЛИТЬСЯ
08 қараша 2022 | 08:51
Түркістан облысында балабақша мен 25 үйді су басты
Түркістан облысының Төле би ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД-не сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының Төле би ауданында толассыз жауған жаңбырдан кейін 25 жер үй мен балабақша ауласын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ТЖД-не сілтеме жасап.
7 қарашада сағат 17:30-дан бастап Түркістан облысында толассыз жауын-шашын болды. Салдарынан облыстың Төле би ауданында жекеменшік балабақша ауласы мен 25 жер үйді су басты.
Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында. Арнайы мобильді құтқару жасағы құрылып, іске қосылды.
"Жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суды шығару және инертті материалдар салынған қаптарды төсеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда 200-ден аса қап төселді. Су жиналуы ықтимал жерлерге тағы 300-ге жуық қап төсеу жоспарланып отыр", - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазгидромет мәліметінше, 8 қарашада да өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіліп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также