Түркістан облысында боран кезінде жоғалып кеткен тұрғындар 2 күннен бері іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында боран кезінде жоғалып кеткен тұрғындар 2 күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: Түркістан облысының ТЖД

Түркістан облысында боран кезінде жоғалып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында боран кезінде жоғалып кеткен екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған адамдардың туыстарының айтуынша, олар Түркістан облысы Түлкібас ауданы Керейіт ауылының маңында жоғалған малды іздеуге кеткен. Алайда қатты жел мен тұман болып, салдарынан ауыл тұрғындары өздері адасып кеткен.

Жоғалған ер адамдар туралы өтініш 7 ақпанда түскен. Ауыл тұрғындарын іздеуге Түркістан облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған: 30 адам, техника, екі дрон. Сондай-ақ, жоғалған адамдарды іздеуге 20 жуық жергілікті тұрғындар қосылды.

Жарнама
Жарнама

Түркістан облысының ТЖД қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керегін ескертіп, дауылды ескертулерге назар аударуға және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама