03 наурыз 2023 | 09:12

Түркістан облысында бір апта бұрын жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысында бір апта бұрын аңшылыққа шығып жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр. 38 жастағы Нұрлан Аймаханбетовті іздеуге 70 құтқарушы мен 100-ден аса ауылдастары жұмылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында бір апта бұрын аңшылыққа шығып жоғалған мұғалім әлі іздестіріліп жатыр. 38 жастағы Нұрлан Аймаханбетовті іздеуге 70 құтқарушы мен 100-ден аса ауылдастары жұмылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоғалған азаматтың туыстары төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысына наразы, себебі олардың айтуынша іздеу жұмыстары баяу жүріп жатыр.

"Қазір екі ғана сүңгуір жұмыс істеп жатыр. Резервте 10-15 сүңгуір болса да, олар суға түспейді. Оның үстіне екі баллон бар, біреуі жарты сағатқа ғана жетеді. Шынымды айтсам, сүңгуірлер кәсіби тұрғыда жұмыс істемейді. Олар сүңгіген жерге біз барып жатырмыз", - деп шағымданды жоғалған азаматтың туысы Тұрдыбек Таңсық.

Реклама
Реклама

Тәлімгер әрі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрлан Аймаханбетов 24 ақпанда директоры екеуі аңға шыққан. Бірақ кешқұрым екіге бөлініп, 38 жастағы азамат терең суға кіріп шыға алмай қалған. Директоры Бақыт Кенжебаев жақын маңдағы малшыларға барып құтқаруды өтініпті. Соңғы мәрте телефонмен сөйлескенде адасып кеткен мұғалім терең суда тұрғанын айтты дейді.

"Желге қарсы жүр деген едік, жүруге шамам жоқ деді. Су қай жеріңнен келетінін сұрағанымда, мойнынан келетінін айтты. Онда мылтық ат, біз баруға тырысамыз дегенде, "мылтық ата алмаймын, шамам жоқ" деді. Онда мылтық атамыз мылтыққа қара дедік. "Қарадым" деді. Сонымен біз фонарик лақтырдық. Фонарикті көрдім деді. Содан кейін хабар жоқ", - деді Бәйдібек ауданының тұрғыны.

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығы іздеу жұмыстарын қиындатып жатқанын айтады.

"Жоғалған адамның табылмауының көптеген себептері болуы мүмкін. Егер ол қазір суда болса, су қазір лас және ол камуфляж киімі мен резеңке етік киген болса, ол мұндай киіммен көрінбейді", - дейді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Талғат Досалиев.

Алдағы күндері облыста қатты жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Толассыз жауған жаңбыр іздеу жұмыстарын қиындатады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная