02 ақпан 2023 11:35

Түркістан облысында бірнеше қала мен ауданды су басты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Түркістан облысының бірнеше қаласы мен аудандарын су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, толассыз жауған жауын-шашын және таулы аймақтардағы қардың еруінен 2 ақпанда таңертең су деңгейі көтерілген. Соның салдарынан Кентау мен Түркістан қалаларында, Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су басты.

Реклама
Реклама

"Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен үйлерді су басуының алдын алу мақсатында жаңбыр суын сору және ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 50-ден аса құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram