21 тамыз 2024 | 08:59

Түркістан облысында дәретханадан табылған 3 жасар қыз кісі қолынан қаза тапқан

Фото: ©️ otyrar.kz

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дәретханаға құлап қайтыс болған 3 жасар қыздың ісіне қатысты тың дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында дәретханаға құлап қайтыс болған 3 жасар қыздың ісіне қатысты тың дерек белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Бастапқыда бүлдіршіннің өзі абайсызда дәретханаға түсіп кетті деп болжанған болатын. Сараптама нәтижесіне сәйкес, баланың бетінде болмашы жаралар және дәретханаға құлаған кезде ұрып алуы мүмкін көгерулер болған.

Алайда, бір айдан кейін сол дәретханаға тағы бір қыз құлап кете жаздады. Ол бұған 16 жастағы көршісін кінәлады. Полиция тергеуді бастап, үш жасар қыздың қасақана өлтірілгенін анықтады. 16 жастағы қыз бұл әрекетін мойындады. Оның шизофрениясы бар екені белгілі болды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр

Реклама
Реклама

"Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескеріп, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы толық және жан-жақты анықтауға бағытталған соталды тергеу жалғасып жатыр. Полиция ақиқатты анықтау және заңды шешімдер қабылдау үшін бар күшін салады", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, мамыр айының ортасында үш жасар қыз аулада көрші қызбен ойнап, кенеттен жоғалып кетті. Ата-аналары, туыстары мен ауыл тұрғындары баланы бірден іздей бастады. Бала үш күн бойы ізделіп, үшінші күні ғана қарама-қарсы үйдегі дәретханада табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная