04 мамыр 2019 | 09:28

Түркістан облысында игерілмеген жерлер қатаң бақылауда болады

© Самат Мырзалиев

Түркістан облысында игерілмеген жерлер қатаң бақылауда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында игерілмеген жерлер қатаң бақылауда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, кеше, 3 мамырда Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барды. Онда ең алдымен Жаушықұм ауыл округіндегі "Тұрар" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 2012 жылы жұмысын бастаған қожалық бүгінде 95 гектар жерді игеріп, пияз (35 гектар), мақта (45 гектар), бақша (20 гектар) дақылдарын егумен айналысады. 

Реклама
Реклама

Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан облыс әкімі өнім көлемін арттыруда жаңа технологиялардың жетістігін баяндады.

"Егін шаруашылығында өнімді арттырудың бірден бір тәсілі - тамшылатып суғару технологиясын пайдалану. Суды да үнемдеу арқылы мол өнім алуға болады. Сондай-ақ, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперативтендіру қолға алу керек. Бұл ең алдымен шаруалар үшін тиімді. Сонымен қатар, игерілмей жатқан жерлер қатаң бақылауда болуы тиіс. Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет", - деді Өмірзақ Естайұлы.

Сапар аясында облыс әкімі Шардара қаласындағы №4 мөлтек ауданының инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету жұмысымен танысты. Бұдан өзге, "Шардара су электр стансасының" АҚ қайта жаңғырту жұмыстарын бақылады. 1968 жылы іске қосылған станса 1998 жылы "Шардара ГЭС" АҚ болып қайта құрылған. Қазіргі таңда онда 160-қа жуық жұмыс істейді. Әкімдіктегілердің мәліметінше, бүгінде станса 50 мВт қуат көзін өндіріп келсе, қайта жаңғыртудан кейін 1 агрегаттың қосылу есебінен 57 мВт қуат көзін өндіруде. Барлық 4 агрегат қосылса, электр қуатын өндіру 126 мВт-қа артады.

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы аудандағы "Хамит" ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытына аялдады. 2007 жылы құрылған өндіріс орны бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атырау мен Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде. Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Жылына 2500 тонна балық өнімдерін өндіреді.

Сапарда өңір басшысы Шардара қаласында туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аймақ туризмін дамытуда туристерді қажетті демалыс аймақтарын көбейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін тапсырды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная