25 мамыр 2021 | 11:05

Түркістан облысында жануарлар қақпанына айналған ор: министрлік пікір білдірді

Фото: © elitar.kz

Түркістан облысында шаруашылық жүргізу аумағындағы терең орға түсіп, шыға алмай қалған жүздеген жануар құтқарылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ордың пайда болу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында шаруашылық жүргізу аумағындағы терең орға түсіп, шыға алмай қалған жүздеген жануар құтқарылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ордың пайда болу себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметі бойынша, жеке кәсіпкерлер жайылымдық жерлерін Келес және Сарыағаш аудандары шекарасындағы басқа шаруалар малынан қорғау үшін арнайы техникамен терең ор қазған.

Орға түсіп кеткен жануарлар туралы ақпаратты 20 мамырда зоологиялық институтқа осы аймақтағы жануарлар көші-қонын бақылап жүрген ресейлік ғалым Марк Пестов пен неміс сарапшысы Тил Дитерич хабарлаған.

Реклама
Реклама

21 мамырда Сарыағаш аудандық әкімдігі, жер инспекциясы және Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ақпаратқа қатысты жауап беріп, жануарларды құтқаруға "Адал көмек" еріктілер клубы өкілдерін жіберді. Еріктілердің көмегімен төрт шақырым орға түсіп кеткен жануарлар құтқарылды: 25 ортаазиялық тасбақа және бір көл жыланы", - деді ведомство өкілі.

Екі күннің ішінде 180-ге жуық ортаазиялық тасбақа мен 30 жылан құтқарылған. Сонымен қатар, ордан үш қозы, бір құлын және бес жылқы шығарылған.

2021 жылы жер инспекциясы жер пайдаланушысына қазылған орды көмуге тапсырма берді.

"Ор қазу арқылы жерді қоршау жер ресурстары жөніндегі заңнаманы бұзу, ал жабайы жануарларға теріс әсері қосымша заң бұзу дерегіне жатады. Жер мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кірмейтіндіктен, аңшылық түріне жататын жануарлар мекендемегендіктен, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы аумақтарда бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізбейді", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында шаруашылық жүргізу аумағындағы жасанды орларда жорғалаушылар мен қосмекенділер тереңнен шыға алмай өлгені хабарланған болатын.

20 мамырда экспедицияға қатысқан мамандар Сарыағаш пен Шардара елді мекендері арасындағы орлардан бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділерді тапқан, олардың көбі - Орта Азия тасбақалары. Тереңдігі екі метрге жуық қазылған орда кей жануар өліп қалған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная