08 ақпан 2024 14:56

Түркістан облысында жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды

Фото: Түркістан облысы ТЖМ

Түркістан облысында боран кезінде жоғалған екі азамат табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында боран кезінде жоғалған екі азамат табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейіт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа-райының қолайсыздығынан адасып кеткен еді.

Реклама
Реклама

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 48 адам, 4 техника, 2 дроннан құралған Түркістан облысы ТЖД, ЖАО күштері мен құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары ауа-райының нашарлауымен қиындады.

Іздеу тобы 1989 жылы туған азаматты Шинбұлақ ауылынан тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туған азаматтың денесі табылды.

"Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударыңыз және ауа райы нашарлаған жағдайда үйде болыңыз!" - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram