29 мамыр 2021 13:06

Түркістан облысында жоғалған екі жігіт өлі табылды

Фото: gov.kz

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"29 мамырда сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің мәйіті бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды" - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жігіттердің денесі "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді.
Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Құрлықта оларды құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ екі борты жұмылды.

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Жоғалған 7 жігіттің үшеуі 28 мамырда табылған еді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram