ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2021 | 21:41
Түркістан облысында жоғалған тағы бір студент өлі табылды
12 маусымда құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалынан Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусымда құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалынан Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биікте орналасқан.
Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп апарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді", - делінген хабарламада.
Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Тағы бір туристі іздеу жұмыстары ертең де жалғасатыны хабарланды.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүріп жатыр.
Бұған дейін жоғалған үш турист құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.
Еске салайық, 2021 жылы 25 мамырда Төлеби ауданының Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жеті туристің жоғалғаны туралы "112" пультіне хабарлама түсті. 21 мамырда туристер жаяу Сары-Айғыр шатқалына бет алған, олар 24 мамырда қайтуға тиіс еді. Алайда бірнеше күннен кейін үшеуі ғана аман-сау табылды.
29 мамырда құтқарушылар екі туристің мәйітін тапты. Тағы екеуі әлі іздестіріліп жатыр. Ал 8 маусымда жоғалған туристердің заттары табылды.
Кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шыққаны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также