19 желтоқсан 2022 | 08:57

Түркістан облысында жұмысында шорты, майкамен жүрген полиция полковнигі қызметінен босатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жұмысында шорты, майкамен жүрген және қызметкерлерін бопсалаған полиция басшысының орынбасары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vera.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жұмысында шорты, майкамен жүрген және қызметкерлерін бопсалаған полиция басшысының орынбасары жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vera.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазығұрт ӨКП бастығының орынбасарына қатысты тағайындалған қызметтік тексеру аяқталды. Полиция полковнигінің жұмыс орнында шорты және майкамен жүрген видеосы тараған болатын. Одан бөлек, ол қызметкерлеріне физикалық күш қолданған көрінеді.

"Комиссия қорытындысы бойынша, аталған бейнежазбада бастықтың орынбасары қызметтен босатылды. Жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұл мәселені заңгер Айгүл Орынбек Facebook-парақшасында көтерген болатын.

Заңгер парақшасында бейнебақылау камерасындағы видеоны бөліскен. Кадрда "мекеме басшысы" деп отырған адам үш қызметкермен келе жатып өтіп бара жатқан полицейді итеріп жібереді. "Мекеме басшысы" расында шолақ шалбар (шорты - еск.) және майкамен жүргенін көруге болады.

Бұл жайтқа қатысты Түркістан облысының Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты шұғыл түрде арнайы комиссия құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная