Түркістан облысында карантин кезінде бесік тойын өткізгендер әшкере болды

Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында карантин талабын бұзғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz cайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында карантин талабын бұзғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar.kz cайтына сілтеме жасап.

"Сарыағаш ауданында кезекті рейдтер кезінде Шымкент-Жетісай тасжолындағы мейрамхана иесінің бесік тойын өткізгені анықталды.

Сондай-ақ, тағы бір ауыл тұрғыны жол бойындағы дәмхананы жалға алып, онда құдалық ұйымдастырған.

Мобильді топ Құркелес ауылдық округінде карантин кезінде жұмыс істеген мейрамхананы анықтады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Сарыағаштағы мейрамханалардың бірінде полиция қызметкерлері тұсаукесер рәсімін өткізген тұрғынды анықтаған.

Реклама
Реклама

"Бұл фактілер тиісті шешім қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына жіберілген", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама