04 сәуір 2020 14:33

Түркістан облысында карантин уақыты ұзарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, тұрғындардың үйден шығуы шектеледі.

Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады.

Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді.

Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшеді.

Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі.

Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети