Түркістан облысында қатты желден бағаналар құлады

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының кейбір ауданының тұрғындары жел мен жаңбырдың салдарынан жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Түркістан облысының кейбір ауданының тұрғындары жел мен жаңбырдың салдарынан жарықсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әкімдік мәліметінше, ауа райының күрт нашарлауы салдарынан (жел екпіні секундына 25-28 метрге дейін күшейіп, жаңбыр қарға ұласты) Түркістан облысының Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалаларындағы кей елді мекенде электр тасымалдау желілері үзілді.

 

Реклама
Реклама

Түні бойы және қазіргі уақытта "Оңтүстік Жарық" мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Бұл аумақтарда 20-дан аса бригада, 100-ден аса адам, 30-дан аса техника жұмылды. Жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі орган қатысқан штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы дайын", - делінген әкімдік хабарламасында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама