ПОДЕЛИТЬСЯ
05 сәуір 2020 | 11:07
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 2 адам туралы не белгілі?
Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Жалпы саны өңірде 25 адамда коронавирус індеті расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші науқас - 2015 жылғы сәби Арыс қаласы, Наурыз ауылының тұрғыны, вирусты анасынан жұқтырған. Анасы Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытында поезбен келген әйелмен жақын байланыста болған.
Тағы бір науқас - 1984 жылғы Жетісай қаласының тұрғыны. Вирус скрининг жасау барысында анықталған.
Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ.
Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдап жатыр.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Түркістан облысында барлығы 25 адамнан: Жетісай ауданында - 13, Кентау қаласында 2, Арыс қаласы - 2, Ордабасы -1, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында - 2 адамнан вирус анықталды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также