25 наурыз 2020 | 21:03

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған адаммен бірге келген 10 жолаушы іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған жолаушымен келген автобус жолаушылары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған жолаушымен келген автобус жолаушылары іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі coronavirus2020.kz порталына сілтеме жасап.

"Нұр-сұлтан қаласынан Жетісай қаласына (Түркістан облысы) мемлекеттік нөмірі 646 FNB 13 автобуспен келе жатқан жолаушылар коронавирустық инфекцияға талдау жасау және одан әрі карантинге орналастыру үшін тұрғылықты жері бойынша 103 қызметке хабарласуы қажет немесе тіркелуі қажет", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта 51 жолаушының 41-і табылды, барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

Еске салайық, 24 наурыз күні кешке Шымкентте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы оқиғасы анықталды. 20 наурыз күні науқастың Нұр-Сұлтаннан автобуспен келгені белгілі. Қазіргі уақытта ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 наурыздағы жағдай бойынша Шымкентте екі адам коронавирус жұқтырған. Бүгінде елде коронавирус жұқтырғандардың саны 80-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная