Түркістан облысында күйеуі әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Түркістан облысында 56 жастағы ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, артынша өзі де дәретханаға барып асылып қалған. Жантүршігерлік жағдай Сайрам ауданындағы Қарамұрт ауылында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, ер адамның мұндай қатыгездікке баруына қызғаныш себеп болған көрінеді. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған төрт бала қалды.

Қанды қылмыс Қарамұрт аулында бес күн бұрын болған. Таңертең ұйқыдан тұрған балалар есіктің алды қанға малынып жатқанын көрген. Шошыған балалар көршілері мен туыстарын шақырыпты.

Реклама
Реклама

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтер бойынша жергілікті тұрғын үйде жұбайына жарақат салып, кейін қайтыс болған", - деді Түркістан облыстық ПД өкілі.

Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама