11 қараша 2020 12:17

Түркістан облысында мемлекеттік нөмірді дұрыс тақпаған жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының полицейлері көлігінің мемлекеттік нөмірін айналып тұратын етіп жасап алған жүргізушіні жауапқа тартты,, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысының полицейлері көлігінің мемлекеттік нөмірін айналып тұратын етіп жасап алған жүргізушіні жауапқа тартты,, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кезекті мониторинг жүргізу кезінде жергілікті полицейлер тұрғынның өз көлігінің мемлекеттік нөмірін айналатын етіп қайта жабдықтап алып жүргені түсірілген видеоны анықтады.

Құқықбұзушылықты жасаған Toyota Camry маркалы көліктің жүргізушісін анықтау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері шұғыл әрекетке кіріскен.

"Тексеру жұмыстары барысында жүргізуші анықталып, ол жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 7-бөлігі ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") бойынша хаттама толтырылды. Осы баптың 7-бөлігінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару он бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады деп көрсетілген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети