06 наурыз 2019 | 10:03

Түркістан облысында мотоциклшіден дәрі қорабын сұраған полицейлер жазаланды

Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабы бар-жоғын тексерген. Видео әлеуметтік желілерде таралды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабы бар-жоғын тексерген. Видео әлеуметтік желілерде таралды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл екеуі мотоцикл жүргізушісіне, МОТОЦИКЛШІДЕН, өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабы бар-жоғын тексерген. Мұның барлығы Түркістан облысында болған", - деп жазды видеоны жариялаған қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

Реклама
Реклама

Өңірлік полиция департаментіндегілер видеодағы полицейлерді жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін жұмыстан босатқанын хабарлады.

"Түркістан облысы полиция департаментінің өкілдері осы дерек бойынша қызметтік тексеріс бастады. Тексеріс қорытындысы бойынша Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлері өз міндеттерін білмегені және ҚР Жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін қызметтерінен босатылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная