ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2024 | 11:45
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі студенттерге мерзімі өткен азық-түлік берілген
Түркістан облысының прокурорлары мүгедектігі бар 80 студенттің құқығы бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысының прокурорлары мүгедектігі бар 80 студенттің құқығы бұзылғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Түркістан облысының прокуратурасы Кентауда орналаcқан "Арнайы кәсіптік колледжде" оқитын 80 ерекше баланың құқығы өрескел бұзылғанын анықтады.
"Бұл колледж еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған мекеме болып табылады. Прокурорлық тексеру кезінде, колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды.
Сапасыз білім берудегі заңбұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды", - делінген хабарламада.
Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен ескіру мерзімі өткен медициналық препараттарды қолданған.
"Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған.
Тексеру нәтижесінде заңбұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс прокуратурасы 5 прокурорлық ден қою актісін облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне енгізді", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также