06 желтоқсан 2020 17:28

Түркістан облысында полицейден қашқан тұрғын өлі табылды

Көрнекі сурет: Tengrinews.kz.

Түркістан облысында полицейден қашқан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейден қашқан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  

Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official паблигінде ер адамның полицейлерден қашқан сәті түсірілген бейнабақылау камерасының видеосы жарияланды. Жазба астында видео 2020 жылдың 23 қарашасында түсірілгені жазылған.

Реклама
Реклама

"Ертесі 2020 жылдың 24 қарашасында таңертең сағат 10-да ер адам құқық қорғау органдарынан қашқан жерден өлі табылды. Түркістан облысы Түлкібас ауданының ІІБ 12 күн өтсе де ешқандай әрекет жасамайды, сараптама қорытындылары жоқ. Табылған кезде сол қабырғасы мен сол аяғы сынғаны анықталды. Сондай-ақ полиция бөлімінде бізге екі полицей ештеңе болмағандай жұмыста жүргенін айтты. Негізінде олар күдікті ретінде ұсталу керек. Ер адамның артында 6 баласы қалды", - делінген видеоның астында.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Түлкібас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері сол күні "Құқық тәртібі" шұғыл-профилактикалық шараларын жүргізгенін түсіндірді.

"Т. Рысқұлов көшелерінің бірінде полицейлер екі ер адамның мас күйінде жүргенін көрген. Полицейлер олардан құжатын көрсетуді талап еткенде, екеуі де қашып кеткен. Олардың біреуі ұсталды және аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Ал екіншісі қашып кеткен. Ертесі, 24.11. 2020 жылы таңертең қашқан ер адамның денесін туыстары тауып, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер мәйіттің табылғаны туралы Түлкібас ауданының полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне 102-ге хабар берген", - деп түсіндірді полициядағылар. 

Полиция баспасөз қызметіндегілер ер адамның денесін қараған кезде азаптап өлтірудің іздері табылмағанын атап өтті.

"Бұл дерек Түлкібас аудандық ПБ тіркелді. Тексеру жүріп жатыр. Ер адамның өлім себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды. Содан кейін процессуалдық шешім шығарылады", - деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram