Түркістан облысында сотталушы қашып кеткен: іздеу жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Түркістан облысының полициясы жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының полициясы жасырынған сотталушының орналасқан жерін анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 23 қазанда медициналық мекемеде емделіп жатқан сотталушы қашып кеткен.

"Полицияның барлық жеке құрамы іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Бақылау бекеттері қойылып, қажет шұғыл шаралар атқарылып жатыр. Бұл оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды, барлық кінәлі тұлғаға қатысты қатаң шаралар қабылданады", - деді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама