03 ақпан 2023 14:14

Түркістан облысында су тасқыны көліктерді ағызып әкетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Түркістан облысындағы су тасқыны көліктерді ағызып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы су тасқыны көліктерді ағызып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Арыс ауданындағы Шағанақсай учаскесінде "Нива" көлігін ағыс алып кеткен.

"Бес жолаушы өз беттерімен шопанның үйіне жеткен. Арыс аудандық ТЖД қызметкерлері жолаушыларды эвакуациялауға шықты, екі жеңіл көлік (қызметтік және азаматтық) жұмылдырылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ 2 ақпанда сағат 15:40-та Созақ ауданында тағы бір көлікті су алып кеткен.

"Шолаққорған-Шаян тасжолының 7-ші шақырымында "Тойота Камри" көлігін тасқын су жол жиегіне ағызып кетті. Көлікте екі адам болғаны анықталды. Оларды ТЖД қызметкерлері құтқарды", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram