Түркістан облысында тағы бірнеше ауыл “ішімдіктен“ бас тартты

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістан облысында тағы бірнеше ауыл “ішімдіктен“ бас тартты видео кадры

ІІМ бастамасын қолдап, салауатты өмір салтын ұстануға ниетті ауылдардың қатары артып келеді. Жақында осы тізімге Төле би ауданына қарасты Зағамбар, Алғабас және Тағайна ауылдары қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық келісім мен жауапкершілікке негізделген бұл үрдіс қазір Түркістан облысындағы 66 ауылды қамтып отыр.

"Зағамбар ауылында өзбектер де, қазақтар да, жалпы алты мыңнан астам халық тату-тәтті өмір сүреді. "Ішімдіксіз" ауыл атанып отырмыз. Өте қуаныштымыз", - деді Зағамбар ауылының тұрғыны Егізбай Сүттібаев.

Реклама
Реклама

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ішімдіктен бас тарту тек жеке бастың ғана емес, тұтас қоғамның денсаулығы мен мәдениетіне әсер етеді. Қазірдің өзінде мұндай ауылдарда қылмыс деңгейі нөлге тең. Сонымен қатар қоғамдық тәртіп те едәуір жақсарып, жастардың спортқа, білімге деген ынтасы арта түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама