ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2024 | 09:52
Түркістан облысында цифрландыру саласының шенеуніктері жемқорлық үшін сотталды
Түркістан облысында Цифрландыру басқармасы басшысы орынбасарының м.а. жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында Цифрландыру басқармасы басшысы орынбасарының м.а. жемқорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Түркістан облысы Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысы орынбасарының м.а. М. Мырзасейітовке, осы басқарманың бөлім басшысы А. Жолсейітовке және кәсіпкер Э. Исаковқа қатысты үкім шығарды.
"2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде мемлекеттік органдарды ақпараттандыру және цифрландыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасқаны, олар бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қою үшін жалпы сомасы 14,6 миллион теңге болатын бірнеше рет пара алғаны және бергені үшін, сонымен қатар Жолсейітов бұдан басқа - пара беруге және алаяқтық жасауға итермелегені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Жолсейітов Төлеби ауданының Цифрландыру бөлімінің басшысы лауазымына ауысқаннан кейін осындай әрекеттерді орындағаны үшін жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен Исаковтың 903 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды.
"Аталған үкім бойынша, Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Мәулен конкурстың жеңімпазын анықтағаны және ауданның ауылдық округтеріне IT-қызметтерді мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасағаны үшін Исаковтан 5 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімі бойынша, Мырзасейітовке 8 жыл, Ысқақовқа - 7 жыл, Жолсейітовке - 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".
Сонымен қатар, аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Сот Мәуленнің өліміне байланысты оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!
Показать комментарии
Читайте также