ПОДЕЛИТЬСЯ
26 мамыр 2019 | 10:52
Түркістан облысында түлектер 4 баланың анасына баспана сыйлады
Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп бітіруші түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды КТК тілшісі stan.kz сайтын сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы Түлкібас ауданында мектеп бітіруші түлектер көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, - деп хабарлайды КТК тілшісі stan.kz сайтын сілтеме жасап.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1999 жылғы түлектер 20 жылдық мерейтойы қарсаңында көпбалалы анаға пәтер сатып алып берді. Олар "Алтын ұя" жобасын қолдап, 4 баланы жалғыз асырап отырған анаға үй сыйлады.
Осы уақытқа дейін Мичурин совхозының қызметкері Назира Жапарқұлқызы Таусағыз кентіндегі жалдамалы пәтерде тұруға мәжбүр болған.
Қазір ол декреттік демалыста. Мұндай игі іс Түлкібас ауданында бірінші жағдай емес. Былтыр осы мектеп бітірушілері жеті баланың анасына аудан орталығынан 4 бөлмелі үй алып берген.
Показать комментарии
Читайте также