Түркістан облысында тұрғын 12 жылдан кейін баспана алу құқығын қайтарды

Дина Шарипханова Корреспондент
©️ otyrar.kz

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар Ақжол Нияз 2013 жылы тұрғын үй алу кезегіне тұрғанымен, ол кезектен алып тасталғанын білген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR сюжетіне сілтеме жасап.

"Былтырдан бері Темірланда үйлер салына бастады. Осыны естіп әкімдікке бардым. Сұрағанымда, бауырымды тұрғын үй алу кезегінен шығарып тастағанын айтты. "Неге?" деген суалыма, оның баспанасы бар екенін айтты. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды", – деді Ақжолдың ағасы Данил Нияз.

Бауырының тегін баспана алу құқығын қорғау үшін Данил Нияз прокуратураға шағымданған. Қадағалау органы тексеру жүргізді.

Реклама
Реклама

"Тексеру нәтижесінде азаматтың кезектен заңсыз шығарылғаны анықталды. Аталған факт бойынша тиісті ұсыныс енгізіліп, тұрғын үй бөлімі басшысы мен жауапты қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде кезек қалпына келтіріліп, Ақжол Ниязовқа пәтер берілді", – деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама