17 желтоқсан 2020 | 13:29

Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды

© polisia.kz

Түркістан облысында үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, Сарыағаш АПБ-не түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адам кешкі сағат 17:30 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін айтқан. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кіріскен. Көрген-білгендерден сұралып, халық көп шоғырланған аймақтарда іздеу жұмыстары жүргізілді.

Реклама
Реклама

"Түркістан облыстық ПД аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағыттамалар жіберілді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, білуі мүмкін деген достарынан сұрастырды. Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, ол орталық мешіттің жанынан табылды. Тексеру барысында ағасымен ренжісіп қалған қыз үйінен шығып кетіп, мешітте түнегені белгілі болды", - делінген хабарламада. 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-анаға балаларына үйден ересектердің рұқсатынсыз шықпау керегін ескертіп, оларды бақылауда ұстауға кеңес береді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная