09 наурыз 2021 09:26

Түркістан облысындағы Бадам өзенінде балық қырылып жатыр

Түркістан облысындағы Бадам өзенінде балық қырылып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық инспекциясы өзенге сынама алуға барғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Бадам өзенінде балық қырылып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық инспекциясы өзенге сынама алуға барғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

8 наурызда Бадам өзені жағасына өлген балықтар шығып қалғаны туралы ақпарат Instagram-да жарияланды.

Реклама
Реклама

Сол күні Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімімен Шымкент қаласының экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен видеоға түсірілген жерге барды.

"Тексеру барысында зертханалық зерттеулер үшін өзен суы мен балықтан сынама алынды. Өзеннің кейбір учаскелерінде су түсі ақшыл түстен бұлыңғыр-қоңыр түске дейін өзгерген. "Балық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС Арал бөлімшесі алдын ала қорытындысына сәйкес, балықтың қырылуына жаңбыр мен тасқыннан су сапасы мен температурасы өзгеруі себеп болған. Бұл өз кезегінде балықтар тіршілігіне әсер етеді", - делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.

Зертханалық зерттеулер нәтижесінен кейін нақты себептер белгілі болады.

2021 жылдың 8 наурызында сағат 20:00-де Шымкент қаласы әл-Фараби ауданындағы цемент зауыты амағынан инспекция қызметкерлері 20 келі өлі балық жинады. 

Түркістан облысы Төле би, Сайрам, Ордабасы ауданы және Шымкент қаласы аумағы арқылы Бадам өзені ағып өтеді. Ол балық шаруашылығы су айдынына кірмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram