24 шілде 2020 | 09:43

Түркістан облысындағы жанжал: ІІМ өз пайдасын ойлаған арандатушылар барын айтты

Видео кадры

Шорнақ елді мекеніндегі тұрмыстық жанжалды арандатушылар өз пайдасына шешкісі келген, тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздеп отырған. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шорнақ елді мекеніндегі тұрмыстық жанжалды арандатушылар өз пайдасына шешкісі келген, тәртіпсіздік ұйымдастыруды көздеп отырған. Бұл туралы ІІМ өкілдері айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, арандату белгілерін анықтап жатыр. Осы уақытқа дейін елді дүрліктіруге бағытталған жалған ақпарат таратушы 6 адам анықталды.

Реклама
Реклама

Арандатушылар құқықбұзушылыққа үндейтін негізсіз және ескі бейнетаспаларды таратып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті "өзбек ұлтының өкілдері Шорнақ ауылындағы учаскелік полицейге шабуыл жасады" деген ақпараттың жалған екенін және шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Полиция өкілдері жалған ақпарат таратушыларға заңнамаға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Еске салайық, тәртіп сақшылары қақтығыстың тууына 21 шілдеде Шорнақ аулындағы тұрғындарының жанжалдасуы себеп болғанын айтты. 

Полиция мәліметінше, қақтығыстан кейін белгісіз біреулер жанжалға қатысқандардың бірінің үйіне және туыстарына тас ата бастаған. 

Сол кезде оқиға орнына Кентау қаласының учаскелік полицейі келген. Ол жарақат алған. Айта кетейік, әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тараған. Полицей беті және киімі қан болған.  

"Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай, бұзақылық тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген", - дейді полиция өкілдері. 

Артынша әлеуметтік желіде адам көп жиналған жерден видео тарады. Видео авторы оқиға Шорнақ аулында болғанын айтқан. 

Полиция өкілдері келесі күні адамдар жиналып, мәселені шешпек болғанын айтады.   

Түркістан облысындағы қақтығыстың мән-жайы анықталды

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная